Хлор-А-ДЕЗ

Хлор таблеткалар және түйіршіктер.

Құрамы:

Дихлоризоцианур қышқылының натрий тұзы.

Хлор иісі бар салмағы 3,3 г құрайтын жылдам еритін таблеткалар.
Суда бір таблетканы еріту барысында 1,5 г белсенді хлор бөлінеді.

Келесілердің барлығына қарсы антимикробты белсенділігі:

грамтеріс және грамоң бактерияларға (M. Terrae туберкулезін, АҚИ қоздырғыштарын, бацилла спораларын қоса алғанда), вирустарға (Коксаки, ЕСНО, полиомиелит, А,В,С гепатиттері, рота- және норовирустар, АИТВ, тұмау (доңыз және құс тұмауын қоса алғанда), аденовирустар мен ЖРВИ басқа қоздырғыштарына, ұшыққа, цитомегалияға, Кандида тектегі зеңдерге, дерматофиттерге, зең саңырауқұлақтарына қатысты.

Сақтау мерзімі:

6 жыл.

Толық сипаттамасы

А-ДЕЗ-хлордың сипаттамасы
  • Ақ түсті цилиндр пішінді, негізінде кертігі бар, салмағы 3,3 ± 0,3 г, хлор иісі бар таблеткалар. Суда бір таблетканы еріткен кезде түзілетін белсенді хлордың салмағы 1,5 ± 0,2 г, еріту уақыты 6 минуттан аспайды.
  • Хлор иісі бар ақ түсті ұсақ сусымалы түйіршіктер, белсенді хлордың массалық үлесі 55 ± 5%. Үймелік тығыздығы, г/см3: 0,92-0,01.
Артықшылықтары:
  • тез және толық ерігіштікке ие — араластырусыз және тұнбасыз;
  • таблеткалы түрі қолдану ыңғайлылығы мен дозалау дәлдігіне кепілдік береді, жиынтықта түйіршіктерге өлшеуіш қасық қоса беріледі;
  • шаруашылықтың барлық салалары үшін әмбебап болып табылады;
  • жуғыш құралдарымен үйлесімді: бір мезгілде жуады, ағартады және зарарсыздандырады.
Өлшеп-орау:
  • таблеткада 10 және 300 таблеткадан тұрады;
  • түйіршіктерде 1 кг-нан;
  • басқа өлшеп-ораулар — тапсырыс берушімен келісім бойынша.
Сақтау, тасымалдау:

Құралды жақсы желдетілетін құрғақ үй-жайларда, -30 °С-тан +30 °С-қа дейінгі температурада, дәрілік препараттардан бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау керек. Көліктің кез келген түрімен тасымалдау. МЕМСТ 19433-81 сәйкес қауіпті жүк болып табылмайды.

Арналуы

А-ДЕЗ-хлордың арналуы
  • медициналық ұйымдарда, клиникалық, бактериологиялық, вирусологиялық және басқа да диагностикалық зертханаларда, емдеу бөлмелерінде, қан құю және алу пункттері мен станцияларында, санитариялық көлікте, жұқпалы ошақтарда, төтенше жағдайлар кезінде үй-жайлардағы, қатты жиһаздардың, санитариялық-техникалық жабдықтардың беттерін, аспаптар мен аппараттардың, ыдыстардың, ыдыс жууға арналған заттардың, науқастарды күту заттарының, жеке гигиена құралдарының, киім-кешектердің, жинау құрал-саймандардың сыртқы беттерін; медициналық бұйымдарды; қанды, биологиялық бөлінулер, шайғыш сұйықтықтарды; медициналық және тамақ қалдықтарын, ойыншықтарды, резеңке және пропиленді төсеніштерді, аяқ-киімдерді алдын ала және қорытынды зарарсыздандыру; коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарында, сауда, ойын-сауық орталықтарында, азық-түлік және өнеркәсіп базарларында, білім беру, мәдениет, демалыс мекемелерінде, курортология, спорт, пенитенциарлық объектілерде, әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінде, тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған автокөліктерде, әскери бөлімдер мен құрамалардың тіршілік ету объектілерінде алдын ала зарарсыздандыру;
  • балалар мекемелерінде және қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындарында (мейрамханалар, барлар, кафе, асханалар); көлік жүйесі объектілерінде, ТЖМ, ІІМ, ҚМ және т. б. қорытынды зарарсыздандыру;
  • зең саңырауқұлақтармен зақымданған беттерді зарарсыздандыру;
  • өндірістік үй-жайлар мен жабдықтардың, жиһаздың беттерін, дәрілік заттар мен иммунобиологиялық препараттарды өндіру бойынша фармацевтикалық және биотехнологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарында А, В, С, D тазалық кластарындағы үй-жай аспаптары мен аппараттардың сыртқы беттерін зарарсыздандыру;
  • толық тазалау жұмыстарын жүргізу;
  • тұрғындардың тұрмыста қолдануы үшін қоқыс шығару жүйесін зарарсыздандыру.

Қосымша өнімдер:

Для оформления заказа или получения консультации, пожалуйста, заполните форму ниже: