Дезинол

Ротация қажет емес. Өңделетін объектілерді бұзбайды. Өңдеуден кейін шаюды қажет етпейді.

Құрамы:

әсер ететін заттар ретінде құрамында алкилдиметилбензиламмоний хлориді (ТАҚ) – 7 %, полигексаметиленгуанидин гидрохлориді (ПГМГ) – 1 % және N,N-бис(3-аминопропил) додециламин – 3,5 % бар. Сонымен қатар, құралдың құрамына жуғыш және майсыздандырғыш компонент (ионогенді емес ББЗ), формуланың белсендіргіштері, иіссіздендірілген компонент – бөтен иістерді байланыстыру үшін, хош иістендіргіш, тазартылған су немесе минералсызданған (дайындалған) су, коррозия ингибиторлары – металдардан, соның ішінде көміртекті болат және қорытпалардан, титан қорытпаларынан және түсті металдардан (жез, мыс) дайындалған құралдардың коррозиясын болдырмау үшін. Құрал ерітіндісінің 1 % сутегі иондарының белсенділік көрсеткіші (рН) 9,8±0,8.

Төмендегілерге қатысты микробқа қарсы белсенділік:
  • грамтеріс және грамоң микроағзалар, соның ішінде ішек таяқшасы тобының бактериялары, стафилококктар, стрептококктар (соның ішінде метициллин-резистентті стафилококк және ванкомицин-резистентті энтерококк), сальмонелл, көкіріңді таяқша және ауруханаішілік жұқпалардың басқа қоздырғыштары,
  • туберкулез микробактериялары (Mycobacterium terrae),
  • вирустар (соның ішінде энтеральды және парентеральды гепатиттер вирустары (сондай-ақ А, В және С гепатиті), АИТВ, полиомиелит, аденовирустар, «атиптік пневмония» (SARS) вирустары, «құс» тұмауы H5N1, «шошқа» тұмауы, адам тұмауы, Коксакки, ЕСНО, ұшық және басқалары),
  • Кандида, Трихофитон тектес саңырауқұлақтар (дерматофитий),
  • зең саңырауқұлақтары,
  • анаэробты жұқпа қоздырғыштары,
  • аса қауіпті жұқпалардың (оба, тырысқақ, туляремия) қоздырғыштары.
Сақтау мерзімі:
  • концентраттың жарамдылық мерзімі — 5,5 жыл;
  • жұмыс ерітінділерінің жарамдылық мерзімі — 45 тәулікке дейін.

Қосымша өнімдер:

Для оформления заказа или получения консультации, пожалуйста, заполните форму ниже: