А-ДЕЗ-концентрат

Ротацияны талап етпейді.

Құрамы:

ТАҚ қоспасы, ПГМГ және триамин (жиынтық) — 9% , көбігі аз жуғыш және майсыздандырғыш және иіссіздендірілген құрамдас бөліктер, формула белсендіргіштері, коррозия ингибиторлары, хош иістендіргіш, минералсызданған су.
құралдың 1% ерітіндісінің рН- 9,8.

Қасиеті:
  • жоғары микробқа қарсы тиімділік;
  • ротацияны талап етпейді;
  • 1 күн бойында ұзартылған әсер береді;
  • адамдар мен жануарларға қауіпсіз;
  • беткі жақтан жуып-шаюды талап етпейді;
  • бағасы арзан;
  • гипоаллергенді.
Келесілердің барлығына қарсы антимикробты белсенділігі:
  • вирустарға, соның ішінде, А, В және С гепатиттерге, атипиялық пневмонияға, құс және доңыз тұмауына, Коксакки вирустарына, ЕСНО және т.б.,
  • coli , стафилококктарды, стрептококктарды, синегной таяқшасын және аурухана ішілік инфекциялардың басқа қоздырғыштарын қоса алғанда бактерияларға, сондай-ақ, M. Tuberculosis және анаэробты инфекция қоздырғыштарына,
  • зеңдерге. Қарапайымдылардың цисталарын, гельминттердің жұмыртқаларын және дернәсілдерін жояды.

Туберкулезге (Терра Микробактериясы) және АҚИ (айрықша қауіпті инфекциялар) қатысты тиімділікке сынақтан сәтті өтті.

Сақтау мерзімі:
  • концентратты сақтау мерзімі— 5 жыл;
  • өндірушінің ашылған қаптамасында жарамдылық мерзімі — 1 жыл;
  • жұмыс ерітінділердің жарамдылық мерзімі — 45 тәулікке дейін.

Толық сипаттамасы

А-ДЕЗ-концентраттың сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі немесе қолданылатын хош иістендіргіш иісі бар, түссіз немесе сарғыш түсті мөлдір сұйықтықты ұсынады. Өңдеуден кейін 1 тәулік ішінде өңделген бетінде ұзартылған микробқа қарсы әсер сақталады.

Ротация:

«А-ДЕЗ» құралы ротацияны қажет етпейді, себебі әр түрлі химиялық топтағы әсер ететін үш заттан тұратын көп компонентті препарат болып табылады.

Қауіпсіздігі:
  • препарат адам және қоршаған орта үшін қауіпсіз: құрамында хлор, альдегидтер, фенолдар сияқты уытты компоненттер жоқ. Табиғатта толық ыдырайды;
  • мутагенді, канцерогенді, ұрыққа уытты және тератогендік әсері жоқ;
  • МЕМСТ 12.1.007-76 бойынша жіті уыттылық параметрлері бойынша “А-ДЕЗ” құралының жұмыс ерітінділері асқазанға енгізу кезінде орташа қауіпті заттардың 4-класына жатады;6% дейінгі концентрациядағы құралдың жұмыс ерітінділері теріге сенсибилизациялайтын және тітіркендіретін әсер етпейді;
  • кез келген объектілерді сүрту, батыру және суландыру тәсілімен өңдеуді пациенттердің қатысуымен жүргізуге болады;
  • кез келген объектілерді сүрту, батыру және суландыру тәсілімен өңдеуді пациенттердің қатысуымен жүргізуге болады;
  • беттерден шаюды талап етпейді;
  • балалар мекемелері мен жаңа туған нәрестелер бөлімдерінде қолданылады.
Өлшеп-орау:
  • 0.5 л, 1 л, 3 л, 5 л, 20 л
  • Басқа өлшеп-орау – тапсырыс берушімен келісім бойынша.
Сақтау, тасымалдау:

Құралды -40 °С бастап +35 °С дейін температурада сақтайды. Құрал теріс температурада қатады, ерітілгеннен кейін өзінің қасиеттерін сақтайды. Құралды көліктің барлық түрлерімен тасымалдауға болады. МЕМСТ 19433-81 сәйкес құрал қауіпті жүк болып табылмайды.

Арналуы

А-ДЕЗ-концентраттың арналуы
  • Беттерді, ыдыстарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды зарарсыздандыру және жуу.
  • Зарарсыздандыру және залалсыздандыру алдындағы тазалау: құралдар, эндоскоптар, медициналық мақсаттағы бұйымдар. стоматологиялық материалдар мен құралдар.
  • Шаштараз және косметологиялық құралдарды зарарсыздандыру.
  • Ауаны көлемді зарарсыздандыру.
  • Кондиционерлеу және желдету жүйелерін өңдеу.
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінде жұмыртқаларды өңдеу (қабығын жуу және зарарсыздандыру).
  • Топырақтың, тұрмыстық заттардың, ойыншықтардың, үй-жайлардың, зертханалық ыдыстардың және паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен контаминирленген жабдықтардың дезинвазиясы .
  • Зеңмен күрес, био және мобильді әжетханаларды өңдеу.
  • Санитарлық, азық-түлік және қоғамдық көлікті, метрополитенді зарарсыздандыру.
  • Медициналық, биологиялық, тағамдық және басқа да қалдықтарды зарарсыздандыру.
  • Қоқыс шығару, зарарсыздандыру, тазалау, қоқыс жинау жабдықтарын, қоқыс тасығыштарды, қоқыс салатын бактарды және қоқыс жинағыштарды, қоқыс құбырларын жуу және иіссіздендіру жүйелерін өңдеу.
  • Автономды дәретханалардың жинақтаушы бактарының және биодәретханалардың ішіндегісін зарарсыздандыру.
  • Зарарсыздандыруға арналған төсеніште топырақты, тұрмыстық заттарды, ойыншықтарды, үй-жайларды, зертханалық ыдыстарды және паразиттік аурулардың (қарапайымдардың цисталары және ооцисталары, гельминттердің жұмыртқалары мен дернәсілдері, жылан құрттар) қоздырғыштарымен контаминирленген зертханалық жабдықтарды зарарсыздандыруды (дезинвазияны) пайдалану.

Қосымша өнімдер:

Для оформления заказа или получения консультации, пожалуйста, заполните форму ниже: