Толық сипаттамасы
А-ДЕЗ-хлордың сипаттамасы
- Ақ түсті цилиндр пішінді, негізінде кертігі бар, салмағы 3,3 ± 0,3 г, хлор иісі бар таблеткалар. Суда бір таблетканы еріткен кезде түзілетін белсенді хлордың салмағы 1,5 ± 0,2 г, еріту уақыты 6 минуттан аспайды.
- Хлор иісі бар ақ түсті ұсақ сусымалы түйіршіктер, белсенді хлордың массалық үлесі 55 ± 5%. Үймелік тығыздығы, г/см3: 0,92-0,01.
Артықшылықтары:
- тез және толық ерігіштікке ие — араластырусыз және тұнбасыз;
- таблеткалы түрі қолдану ыңғайлылығы мен дозалау дәлдігіне кепілдік береді, жиынтықта түйіршіктерге өлшеуіш қасық қоса беріледі;
- шаруашылықтың барлық салалары үшін әмбебап болып табылады;
- жуғыш құралдарымен үйлесімді: бір мезгілде жуады, ағартады және зарарсыздандырады.
Өлшеп-орау:
- таблеткада 10 және 300 таблеткадан тұрады;
- түйіршіктерде 1 кг-нан;
- басқа өлшеп-ораулар — тапсырыс берушімен келісім бойынша.
Сақтау, тасымалдау:
Құралды жақсы желдетілетін құрғақ үй-жайларда, -30 °С-тан +30 °С-қа дейінгі температурада, дәрілік препараттардан бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау керек. Көліктің кез келген түрімен тасымалдау. МЕМСТ 19433-81 сәйкес қауіпті жүк болып табылмайды.